МІНДЕТТІ АҚПАРАТ

Вобэнзим® плюс – рутинмен үйлескен, өсімдік және жануар тектес ферменттер негізіндегі дәрілік препарат.

Қолданылуы 

Кешенді емде: 

 

  • жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі ісінулер
  • лимфалық ісінулер және микроциркуляторлық бұзылыстар
  • флебиттер, тромбоздан кейінгі синдром (көктамырлардың қайтадан қабынуынан кейінгі жағдай), трофикалық ойық жара
  • ер адамдарда  несеп-жыныс жолының жедел және созылмалы қабынуларын: цистит, уретрит, цистопиелит, простатит
  • әйелдерде кіші жамбас ағзаларының жедел және созылмалы қабыну ауруларын: аднексит, сальпингоофарит
  • ревматоидты артрит, жұмсақ тіндердің ревматизмі (мысалы: бұлшықеттік ревматизм,  теннистік шынтақ синдромы немесе латеральді эпикондилит, қатып қалған иық синдромы немесе иық буынының адгезивті капсулиті, тендовагинит), буындардың  және омыртқаның дегенеративті аурулары.

6 жастан бастап балалар мен ересектерде қолданылуы мүмкін.

 

Тәуекелдері мен жанама әсері туралы ақпаратты – медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта алуыңызға болады және өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке жүгінуіңізге болады

 

Күні: шілде 2014 г.

Mucos Pharma GmbH & Co. KG,

13509 Берлин