ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ

www.original-mucos.com сайтындағы Деректерді қорғау туралы мәлімдеме

Жеке деректерді қорғау – біз үшін аса маңызды болып табылады. Сақталған жеке деректерді қорғау үшін біз техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қолға алдық. Әрі қарай, біздің сайтымызға кірген кезде қандай ақпарат жасалатындығы және мұндай ақпараттың қалай пайдаланылатындығы туралы түсіндірме келтіріледі. Мынаған назар аударыңыз: біз басқа сайт үшін жауап бермейміз және деректерді қорғау туралы бұл қағидалар осындай сайттарға қатысты ешбір жағдайда қолданылмайды. Сайтты пайдаланар алдында, деректерді қорғау туралы келесі қағидаларды мұқият оқып шығыңыз. Сайтқа кірген кезде Сіз осындай деректерді қорғаудың шарттарының қолданылуы туралы білесіз:

Жеке деректер

Жеке деректер – жекеше, белгілі бір тұлғаны сәйкестендіретін деректер. Сайтта пайдаланушының желілік мекенжайы, ақпараттық файлдары немесе бейіндері көрсетілуі мүмкін. Бұл деректер Телевизиялық және коммуникациялық құралдар туралы заңның, Деректерді қорғау туралы федералдық заңның, ЕО Деректерді қорғау туралы директиваларының, Радиотарату туралы мемлекеттік келісім-шарттың және www.original-mucos.com сайтында ескерілетін басқа да заңдардың қатаң қағидаларына сәйкес келеді.

Жеке деректерді белсенді түрде беру

Конкурстарды немесе басқа да іс-шараларды жариялау барысында, пайдаланушының тіркелуі кезінде көрсететін, www.original-mucos.com сайтында сақталған ақпарат. Мұндай деректер іс-шараларды қолға алу үшін қолданылады және оның келісімі бойынша, жарнамалық жүгіну мақсатында деректерді қорғау туралы нұсқауларда және Mucos Pharma GmbH & Co. KG компаниясының өнімдер сұрыпталымында көрсетілген өнімге қатысты осындай іс-шаралар қолға алынған жағдайда сақталады. Мүдделі тұлға төменде көрсетілген байланыс деректеріне сәйкес ақпарат көрсете отырып, бұл келісімді болдырмай тастау мүмкіндігін иемденеді. Әрі қарай: www.original-mucos.com сайтында – өздерінің байланыс деректерін көрсететін тұлғалардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, байланыс деректері бар нысандарда көрсетілетін деректер, бас тарту туралы ақпарат және конверсиялық элементтер деп аталатын басқа деректер жасалады. Егер бұлар – көрсетілген кәсіби деректер болса немесе тек фирмаларға ғана қатысты болса, мұндай деректер – осындай қызметтер мен өнімдерге әрі қарай жүгіну мақсатында сақталады. Жеке тұлғалардың деректері – сауал өңделгеннен кейін жойылады. Барлық мүдделі тұлғалар деректердің мұндай пайдаланылуына шағым келтіре алады (төменде қараңыз: «Сіздің деректеріңізді тексеру»). Егер сайтта – аталған қызметтерді пайдалана алуыңыз үшін (сауалдарға жауап) немесе ерекше қызметке қатыса алуыңыз үшін Сізден ақпарат беруіңізді қатаң сұралатын болса, онда деректерді алудың әрбір тармағында Сізге қандай ақпараттың қажет екендігі және қандай ақпараттың тілек бойынша ұсынылатындығы хабарланады.

Ақпаратты пассивті түрде алу

Сайтқа кірген кезде белгілі бір ақпаратты пассивті тәртіптемеде алуға болады (яғни ақпарат жиналады, бірақ белсенді тәртіптемеде ол Сізге ұсынылмайды), бұл ретте интернеттегі хаттама мекенжайлары, ақпараттық файлдар, интернеттегі қосымша беттер және деректерді алу секілді әр-түрлі технологиялар пайдаланылады.

  1. Әдетте, сайтқа кірген кезде провайдер интернеттегі хаттама мекенжайын көрсетеді (интернеттегі желілік мекенжай). Бұл ретте күні, уақыты, қаралған беттер (деректердің атаулары), көшірілген деректер көлемі, Сіз біздің сайтқа кірген бет, сондай-ақ компьютердің интернеттегі желілік мекенжайы және пайдаланылған браузер тіркеледі. Бұл деректер қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасы ету үшін немесе пайдаланушының мақсаттарына сәйкес сайтты әрі қарай жақсарту үшін құпия түрде пайдаланылады. Егер Сіз біздің қызметтерімізді қажет етпесеңіз, біздің сайтқа кіру үшін бізге Сіздің деректеріңіздің қажеті жоқ. Сондықтан, әрі қарай Сіз деректерді қорғау құқығы бойынша біздің сайтымызда құпия түрде бола аласыз.
  2. Біздің сайтымызда біздің маркетингілік мақсаттарымызға сай деректер жиналады және пайдаланылады. Сонымен қатар, сайт осы ақпараттың есебінен жаңартылады. Белгілі бір пайдаланушылар бойынша ақпарат жинау жүргізілмейді. Сондықтан Сіз осы сайтта құпия түрде бола аласыз. Пайдаланушының бейіндерін – ақпараттық файлдардың көмегімен, бүркеме атпен ғана жасауға болады. Осындай қауіпсіздікке қосымша ретінде, бүркеме аттың көрсетілуімен пайдаланушының осындай бейіндеріне қатысты қарсылық мәлімдеу құқығыңыз бар.


Осындай мақсатпен Mucos Pharma GmbH & Co. KG компаниясы интернетте ақпараттық файлдары немесе беттері бар қосымша беттерді орнатуы мүмкін. Ақпараттық файлдар мен қосымша беттердің көмегімен жасалған бейіндер бар болған жағдайда, белгілі пайдаланушылар бойынша ретке келтіру жүзеге аспайды. Пайдаланушының бейіндері – бүркеме ат көрсетілген жағдайда ғана жасалады. Бүркеме ат көрсетілген жағдайда Сіз пайдаланушының осындай бейіндеріне қатысты қарсылық мәлімдеу мүмкіндігін иемденесіз. Бізге келесі электрондық пошта мекенжайы бойынша хабарлама жіберіңіз: info@mucos.kz.
original-mucos.com сайтында толық талдау жасау үшін «etracker» бағдарламалық жасақтамасы пайдаланылады. Бұл бағдарламалық жасақтама Сіздің баптамаларыңызда пайдаланылады; ол – Германияның деректерді қорғау жөніндегі қадағалау ведомстволарының талаптарына («Дюссельдор шеңбері» деп аталатын) 100% сәйкес келеді. Деректер тек Германияда сақталады. «etracker» бағдарламалық жасақтамасы бар болған жағдайда, келушілердің желілік мекенжайлары қысқаша нысанда сақталады; желілік мекенжайларды өңдеу жүзеге аспайды.

Ақпаратты пайдалану және беру

Mucos Pharma GmbH & Co. KG компаниясы Сіздің жеке деректеріңізді тек келесі мақсаттарда ғана пайдаланады:

  1. Сіздің сауалдарыңызға жауап беру үшін.
  2. Іс-шараларға қатысу үшін.
  3. Ақпараттық материал жіберу үшін.
  4. Өнімді ілгері жылжыту мақсатында, сондай-ақ егер бұған жол берілетін болса, нарықты және пікірлерді зерттеу мақсатында әріптес-кәсіпорындардың ақпараты үшін.
  5. Сіз сұраған қызметтерді көрсету үшін.


Деректер жоспарлы пайдалану мақсатында ғана сақталады. Белгілі жағдайларда, егер бұған жол берілетін болса, Сіз көрсеткен деректер басқа көздерден алынған деректермен толықтырылады. Қалған деректер бізге интернеттегі ұсынысымызды, сондай-ақ қызметтерімізді бағалауымызға көмектеседі. Сонымен қатар Mucos Pharma GmbH & Co. KG компаниясының сайты мен қызметтеріне қатысты пайдаланушылардың қалауын анықтап, оларды пайдаланушының арнайы қажеттіліктерімен сәйкестікке келтіру керек. Егер бұған рұқсат етілетін болса, біз жеке деректерді Атриум Инновейшенс Инк. (Канада) концернінің басқа кәсіпорындарына береміз. Бұның алғышарты – халықаралық дерек алмасуға қойылатын талаптардың орындалуы, сондай-ақ деректерді қорғау туралы осы мәлімдемеге және ұсынылған мақсаттарға сәйкестігі бойынша тиісті кәсіпорынның келісімі болып табылады. Сонымен қатар, деректер үшінші тұлғаларға берілмейді, немесе пайдаланудың басқа мақсаттары үшін ұсынылмайды немесе сатылмайды. Егер біз өзіміздің құқықтық мәртебеміздің дамуы туралы деректерді – қызмет көрсететін провайдерге беретін болсақ (тапсырыс деректерін өңдеу), онда мұндай қызмет көрсететін провайдерлер Германияның деректерді қорғау құқығы және деректерді қорғау туралы мәлімдеме бойынша үшінші тұлғалар болып табылады.

Сіздің деректеріңізді тексеру

Бізге берген жеке деректеріңізді тексеру мүмкіндігі Сізде әрдайым бар болады. Яғни Сіз кез-келген уақытта келесілерді жасай аласыз:

  1. Сұрату бойынша, бізде қандай жеке деректердің сақталғандығы туралы білу.
  2. Жеке деректерді түзетуді немесе көкейтесті етуді талап ету.
  3. Заңды талаптарды орындау барысында жойылуын немесе бұғау салынуын талап ету.

Біз Сізге өзіңіздің жеке деректеріңізді өңдеуге қатысты қарсылық білдіру мүмкіндігін береміз, егер де Сізде заң бойынша осындай мүмкіндік бар болса. Бұл әсіресе тікелей маркетинг шараларына қатысты (жарнамаға қатысты қарсылық білдіру құқығы), егер де олар Сіздің келісіміңізді алмаған болса. Егер Сіздің деректеріңізді жарнама мақсатында пайдалануға қатысты қарсылық білдіруді қаласаңыз, бізге хабарлаңыз. Мұндай жағдайда Сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді енгізген, жеке бастың үйлестігін анықтаған сайттың атауын көрсетуіңізді сұраймыз және де Сіз қандай арнайы ақпаратты түзетуді, көкейтесті етуді немесе жоюды қалайтыныңыз жөнінде хабарлауыңызды өтінеміз. Әрі қарай біз Сіздің қарсылығыңыз туралы осы деректі – жарнама туралы арнайы деректер кестесінде көрсетеміз. Сол арқылы, біз ресми қолжетімді көздерден алынған мекенжайларды пайдаланып отырсақ та, Сіз қаламайтын ақпарат жіберуді болдырмай тастай аламыз.

Өзге шарттар

Сіз бұл сайтты біздің нұсқауларымызға сәйкес пайдалана аласыз.

Сіз бізбен байланыса аласыз

Егер Сізде деректерді қорғау туралы қағидаларға қатысты немесе осы бетпен жұмыс істеуге қатысты сұрақтар, ескертулер немесе күдіктер туындайтын болса, Сіз бізбен байланыса аласыз:

Қазақстан Республикасындағы өкілдік:
MUCOS Pharma CZ S.R.O.
050026, Алматы,
Мұратбаев көшесі 62, 68 кеңсе

Тел./факс: +7 727 253 66 94
Электрондық пошта: info@mucos.kz

Деректерді қорғау туралы шарттарды өзгерту

Біз заңдағы өзгертулерді ескере отырып, деректерді қорғау туралы өзіміздің шарттарымызды – өз қызметтерімізбен, талаптарымызбен оқтын-оқтын сәйкестікке келтіріп отыратындығымызға назар аударыңыз. Осындай өзгертулер туралы біліп отыру үшін әрдайым біздің сайтымыздағы ақпаратты оқып жүріңіз. Сіз өзіңіз тұрақты түрде сайтқа кіріп, бізге жеке деректеріңізді жіберместен бұрын өзгертулер бар ма екендігін тексеруіңіз тиіс.


Осындай деректерді қорғау шарттары 21.11.2011
жылы жаңартылған. Бұл сайт Германиядағы пайдаланушыларға арналған.